«Бір адам қаза тапты»: Астанада жол жұмысшысын көлік қағып кеткен
Жүргізуші жолдың жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын ескермеген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, түнде елордада болған жол-көлік оқиғасы бір адамның өліміне әкелді. Сарайшық көпірінде Škoda маркалы көлік екі жол жұмысшысын қағып кеткен, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай бағыт алып, жолдың жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын ескермеген.
Салдарынан жұмысшылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Көлік айыптұраққа қойылды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші