Кәрім Мәсімовтің зергерлік бұйымдары мен коллекциялық заттары аукционда 10 млн теңгеге сатылды

18.08.2025, 12:50
597
Кәрім Мәсімовтің зергерлік бұйымдары мен коллекциялық заттары аукционда 10 млн теңгеге сатылды ЖАНАР КАРИМОВА

Саудаға 43 лот қойылып, бастапқы баға 7 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін өсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Карим Мәсімовке тиесілі зергерлік және коллекциялық бұйымдар сатылымға шығарылып, аукционнан 10 миллион теңгеден астам қаражат түсті.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мәліметінше, аукциондық сауда 15 тамыз күні электронды платформа E-Qazyna арқылы өтті. Саудаға 43 лот қойылған, олардың қатарында естелік монеталар, қылыштар мен өзге де заттар бар.

Жалпы бастапқы баға 7 млн теңге шамасында болса, қатысушылардың белсенділігі мен бәсекелестікке байланысты соңғы сома 10 млн теңгеден асып түсті.

Ережеге сәйкес, аукционнан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеңімпаздармен сатып алу-сату келісімшарты жасалады. Ал мүлікті тапсыру тек толық төлем жасалған соң жүзеге асырылады.

Жиналған қаражат толығымен Арнайы мемлекеттік қорға аударылмақ. Бұл қордан білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытындағы жобалар қаржыландырылады.

Компания өкілдері атап өткендей, мұндай сауда-саттықтың басты мақсаты – айқындық, тиімділік және қоғам игілігіне жұмыс істеу.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды