Мажарстан СІМ: Ресейден мұнай жеткізу Украина шабуылынан кейін тоқтады
Мажарстан Ресейден мұнай алмағанын айтып ақталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мажарстан сыртқы істер министрі Петер Сийярто Ресейден мұнай тасымалдау уақытша тоқтағанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Украина мұнай құбырының трансформаторлық қосалқы станциясына дронмен шабуыл жасаған. Министр бұл жағдайды «мажар энергетикалық қауіпсіздігіне кезекті соққы» деп атап, «қабылдауға болмайтын әрекет» екенін айтты.
Facebook-тегі парақшасында (Meta Ресейде экстремистік және тыйым салынған ұйым) Сийярто Ресей энергетика вице-министрі Павел Сорокинмен сөйлескенін жеткізді. Одан алған ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, бірақ мұнай экспорты қашан қайта жанданатыны әзірге белгісіз.
13 тамызда венгр дипломаты Украина Брянск облысындағы «Дружба» құбырының тарату торабына дронмен соққы жасағанын мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл құбыр Мажарстанның энергетикалық қауіпсіздігі үшін аса маңызды, сондықтан Киевті стратегиялық инфрақұрылымға шабуылдарды тоқтатуға шақырды.
Ресей тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.
Айта кетейік, «Дружба» магистральдық құбырының оңтүстік тармағы арқылы 2024 жылы Мажарстанға 4,78 млн тонна ресейлік мұнай жеткізілді. 2025 жылдың қаңтар–ақпан айларында көлем 956 мың тоннаны құрады. Бұған дейін де құбырға шабуылдар жасалып, наурыз айында жеткізілім уақытша тоқтаған болатын.
Материал авторы