Павлодарда анасы терезеден лақтырған бала мәлімдеме жасады

18.08.2025, 15:25
480
Павлодарда анасы терезеден лақтырған бала мәлімдеме жасады oknapanorama.ru

Бала қалаға оралудан үзілді-кесілді бас тартты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, терезеден лақтырылғаннан кейін аман қалған жеті жасар бала қазір облыстағы ауылдардың бірінде әкесінің қарауында. Ол қалаға қайта барудан үзілді-кесілді бас тартқан. Бұл туралы Kazinform жазды.

Павлодар облысының балалар құқығы жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова баламен тілдесіп қайтқанын айтты. Оның сөзінше, жеткіншек Екібастұз маңындағы ауылда тұрып жатыр. Әзірге оған інісінің қаза болғаны жайлы айтылмаған.

— Әңгіме барысында бала ауылда қала бергісі келетінін жеткізді. «20 жыл осында тұрамын», — деді ол. Қалаға оралудан үзілді-кесілді бас тартты. Әкесі де ұлының қасында болу үшін ауылға көшіп баруға дайын екенін айтты. Осы жағдайды бірден Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бибігүл Иманғалиеваға баяндадым. Ол баланың медициналық қолдау, оңалту, мектепке ауысу мәселелері және әкесін жұмысқа орналастыру ісі жеке бақылауға алынатынын жеткізді, — деді омбудсмен.

Қазіргі уақытта баланың қасында әкесі бар. Ол баласының көз алдында болып, жанынан бір елі қалмауды жөн көріп отыр.

Жеткіншек ауруханада жатқанда психологтармен жұмыс істеген. Мамандардың айтуынша, оған мұндай көмек ұзақ уақыт қажет болады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады