«Жоспарымыз орындалмай қалды»: «Қойшы бала» тағы продюсерсіз қалды

Аиса Махамбет Редактор
18.08.2025, 16:30
526
«Жоспарымыз орындалмай қалды»: «Қойшы бала» тағы продюсерсіз қалды әлеуметтік желіден

«Қойшы бала» қолға тұрмай кетті дейді продюсері.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қойшы бала» әнімен танылған жас әнші Айдос Кәден кезекті рет продюсерімен қош айтысты. Бұл жолы ол Қанағат Меченбайдың орталығынан кетіп, шығармашылық жолын өз бетінше жалғастыруға шешім қабылдаған.

Қанағат Меченбай әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жасап, Айдостың енді жеке жұмыс істейтінін айтты.

«Құрметті қазақ елі! Айдосқа қатысты сұрақ көп түсіп жатыр. Ол өз бетімен еңбек етпек. Қолға тұрмай кетті, талай жоспарымыз орындалмай қалды. Сондықтан, өз жолымен кеткені дұрыс деп шештім. Менің де шығармашылық жоспарларым бар. Ең бастысы, аман жүрсін, адам болсын!», — деді ол.

Айдос Кәден бұған дейін Жігер Ауыпбаевтың продюсерлік қолдауынан кетіп, кейін өкінішін де жасырмаған еді.

«Жігер ағадан кеткеніме қатты өкіндім. Өнерде әлі білмейтінім көп екенін түсіндім. Халықтан да, ағадан да кешірім сұраймын. Бұл маған үлкен сабақ болды», — деген болатын жас әнші.

Осылайша, көптің назарына іліккен «Қойшы бала» қазір толықтай жеке шығармашылыққа бет бұрды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады