2171

«Махаббатымыз ұзаққа бармады»: Мереке Қалбаева отбасылық жағдайын ашық айтты

Мереке Қалбаева күйеуі Арсеннен бөлек кеткенін мәлімдеді.

«Махаббатымыз ұзаққа бармады»: Мереке Қалбаева отбасылық жағдайын ашық айтты
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жайдарманшы әрі блогер Мереке Қалбаева жұбайы Арсенмен қарым-қатынасы туралы алғаш рет ашық мәлімдеме жасады. Ол өзіндік ойымен бөлісіп, күйеуінен бөлек кеткенін журналист Аман Тасығанға растады.

Өнер иесінің сөзінше, бастапқыда Арсенге ғашық болып қалғанымен, уақыт өте мінез-құлықтары жараспаған.

«Махаббат деген қиын нәрсе екен. Басында Арсен бөпе сияқты көрінді, бірақ ер азамат екенін бірден дәлелдеді. Өзіне тән болмысымен мені баурап алды. Бірақ менің асығыстығым мен тәуекелшілдігім оны жалықтырып жіберді, ал оның жайбасарлығы мені жалықтырды», — деді Қалбаева.

Сондай-ақ актриса көп достарының «ажырасып кеттіңдер ме?» деген сұрағына жауап берді.

«Әзірге ренжісіп, бөлек тұрып жатырмыз. Мүмкін бұл менің эгоистігім мен тәкаппарлығымнан шығар. Бірақ айтқаным дәл сол сәтте орындалуы керек деп ойлаймын», — деді ол.

Осылайша, көпшілік арасында талқыланып жүрген «Мереке Қалбаева ажырасты ма?» деген сұраққа өнер иесі өзі нүкте қойды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор