СҚО-да 17 жастағы жасөспірім турникке асылып қалған

Азиз Қалижан Редактор
19.08.2025, 10:11
313
СҚО-да 17 жастағы жасөспірім турникке асылып қалған Алексей БУЛАТОВ / KP.RU

Полиция департаменті баланың қайтыс болғанын растады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Аққайың ауданына қарасты Кенжегалы ауылында 17 жастағы жасөспірім қайғылы жағдайға тап болды. Ол өз үйінің ауласындағы турникке асылып, көз жұмған. Марқұмның денесін ата-анасының бірі тауып алған.

Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары жасөспірімнің мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, отбасында тұрмыстық қиындықтар болмаған, ата-анасы баланың мінез-құлқына қатысты мәселе байқамаған. Қайғылы оқиға орнынан өлер алдындағы жазба табылмаған.

Бұл – аймақтағы соңғы аптадағы екінші жасөспірім суициді. Бұған дейін Айыртау ауданының Никольско-Бурлук ауылында 14 жастағы жасөспірім де асылып қалған күйінде табылған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды