Алматыда мешіттен шығып жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
46 жастағы Асқар осыдан төрт күн бұрын жоғалып кеткен еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы маңында шілде айынан бері із-түссіз кеткен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілерінің Instagram парақшасы жеткізді.
46 жастағы Мамбетoв Асқар Абдужалилұлы 1978 жылы туған. Ол соңғы рет 14 шілдеде Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында көрінген. Сол күні шамамен сағат 11:30 шамасында Бердіғұлов көшесіндегі орталық мешіттен шығып, аялдамаға беттеген.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам Алматы бағытындағы №54 автобусқа отырған. Алайда содан кейін оның ізі суып, ешкім хабар ала алмаған.
Белгілі болғандай, Асқар Мамбетов психикалық ауытқудан зардап шеккен және кейде бағыт-бағдарын жоғалтып алатын болған.
«Жоғалған адамның денесі 14 тамыз күні табылды. 17 тамызда марқұмның әйелі мәйіттің күйеуіне тиесілі екенін растады. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», – деп хабарлады еріктілер.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік марқұмның отбасына көңіл айтып, сабыр тіледі.
Материал авторы