Індет пе? Ақмола облысында жас ана емізулі сәбиімен бірге 7-қабаттан құлап қаза тапты
Марқұм сәби бар болғаны 7 айлық болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Степногорскіде 23 жастағы әйел жеті айлық қызымен бірге көпқабатты үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмды.
Оқиға марқұмның туыстарының үйінде болғаны белгілі болды.
Қазір бұл дерек бойынша полиция досудебелік тергеу амалдарын бастады.
«Қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа мәліметті әзірге жариялай алмаймыз», – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук.
Құқық қорғау органдары қылмыстық істің нақты қай бап бойынша тергеліп жатқанын әзірге хабарлаған жоқ.
Желі қолданушылары бұл оқиғаға қатты күйзеліп, отбасыға көңіл айтып, сабыр тілеуде.
«Індет пе? Неге мұндай сұмдық көбейді?», «Әйел шарасыз болған шығар. Бірақ тым болмаса сәбиін аямады ма екен?!...», «Не болған бұл қоғамға?», - деп жазды олар.
Материал авторы