Тимур Құлыбаевтың Halyk Bank-і пайдасын 40%-ға арттырды

19.08.2025, 14:18
587
Тимур Құлыбаевтың Halyk Bank-і пайдасын 40%-ға арттырды SMARTNEWS.KZ коллажы

Жыл басталғалы банктің тапқан таза табысы күрт өскен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ең ірі қаржы институттарының бірі – «Қазақстан Халық банкі» АҚ 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында таза пайдасын өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,4%-ға арттырды.

Банктің KASE сайтында жарияланған қаржылық есебіне сәйкес, негізгі өсім несиелеу көлемінің артуы мен транзакциялық бизнестің кеңеюінен болған. Дегенмен кіріс одан да жоғары болуы мүмкін еді, бірақ салықтық шектеулер әсер етті.

«2025 жылдан бастап енгізілген кейбір банктік операцияларға қатысты суперпайда салығы таза табысқа теріс әсер етті. Егер депозиттерді өтеу және бұл салықты есептемесек, таза пайда өсімі 19,8% болады», – делінген ресми мәліметте.

Алғашқы алты айда Halyk Bank-тің пайыздық кірісі 27,4%-ға артқан. Бұған клиенттерге берілген қарыздардың орташа көлемінің өсуі ықпал еткен. Сонымен қатар пайыздық шығындар да 27,6%-ға көтерілген. Бұған орташа мөлшерлеменің ұлғаюы, клиенттердің депозиттік қалдықтарының көбеюі және салымшылардың теңгедегі жинақ үлесінің артуы себеп болған.

Айта кетейік, Halyk Bank-тің бақылау пакеті Құлыбаевтар әулетіне тиесілі. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында да банк жоғары табыс көрсеткен болатын. Сарапшылардың пікірінше, қаржы ұйымы кірістің бір бөлігін жаңа нарықтарға шығуға жұмсауы мүмкін.

Жуырда Halyk Bank Өзбекстанның жетекші төлем жүйелерінің біріне үлес сатып алу үшін жергілікті АО «Click» компаниясымен стратегиялық келісімге қол қойған еді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады