Оралда автобус ішіндегі ер адамға бұрыш баллонын шашып, сүйіктісін ұрған жұп ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
19.08.2025, 15:25
1579
Оралда автобус ішіндегі ер адамға бұрыш баллонын шашып, сүйіктісін ұрған жұп ұсталды instagram.com/jagdaikz

Полиция оқиғаға қатысы бар күдіктілерді анықтап, қамауға алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласында қоғамдық көлік ішінде орын алған жанжал бұрыш баллонын қолданумен аяқталды. Полиция оқиғаға қатысы бар күдіктілерді анықтап, бір адамды қамауға алды.

Instagram-дағы jagdaikz паблигінде жарияланған видеода «Әдепсіз жұп автобуста жолаушыларға шабуыл жасады» деген тақырыппен тарады.

Әлеуметтік желідегі жазбаға сәйкес, оқиға «My Fest» фестивалінің соңғы күнінде болған. Үш күн бойы шараға БАҚ өкілі ретінде қатысқан жас жігіт үйіне қайтып келе жатқанда, автобус салонында белгісіз ер адам оған бетке бұрыш баллонын шашқан.

Куәгерлердің айтуынша, жұп жолаушыларға агрессивті түрде тиісіп, қолындағы баллонды бұлғап отырған. Нәтижесінде жігіттің көзіне химиялық зат тиіп, ол күйік алып, ауруханаға жеткізілген. Қасындағы қызы да зардап шеккен – оны ұрып жіберген.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жағдайға қатысы бар барлық адамдар анықталды. Біреуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған мән-жайлар тергеу барысында анықталады», – деп мәлімдеді полиция.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Құзырлы орган кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатынын айтты.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны қызу талқылап, қоғамдық көліктегі қауіпсіздік мәселесін көтерді. Көпшілігі «бұндай бұзақылықты қатаң жазалау керек» десе, енді бірі «автобуста бейнебақылауды күшейту қажет» деген пікір білдірді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады