Қаскелеңде көпбалалы ана әкімдік алдында өзін өртемек болды
Әйелдің жанында кішкентай балалары да жүрген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарасай аудандық әкімдігі ғимаратының алдында алты баланың анасы үстіне бензин құйып, өзін өртемек болған. Оның жанында кішкентай балалары да жүрген.
Әйел мұндай әрекетке баспанасыз қалу қаупіне байланысты барғанын айтқан. Оның сөзінше, ол пәтер сатып алғанымен, бұрынғы қожайындары сот арқылы мәмілені даулап, баспананы қайтарып алған. Нәтижесінде, 20 тамыз күні отбасыны үйден шығарып жіберу қаупі туындаған.
Желіде тараған бейнежазбада әкімдік қызметкерлерінің әйелдің қолындағы бензинді тартып алып, өз-өзіне зақым келтіруіне жол бермегені көрінеді.
«Бізді енді қайда апарады? Қайда барамыз?!» – деп айқайлаған әйелдің жан даусы естілді.
Қазір оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, әйелді әкімдік ғимаратына кіргізген. Онымен мамандар сөйлесіп жатыр.
Материал авторы