АҚШ пен ЕО Ресей әкеткен украиналық балаларды қайтаруға күш салмақ

20.08.2025, 09:49
479
АҚШ пен ЕО Ресей әкеткен украиналық балаларды қайтаруға күш салмақ UNICEF/UNI716910/Filipov

Ресей сарбаздары ұрлап кеткен балалар еліне қайтарылуы керек дейді Трамп.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әскерлер күштеп алып кеткен украиналық балалардың тағдырына ерекше назар аударылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Вашингтон мен Еуропа одақ елдері Украинамен және өзге де серіктестермен бірлесе отырып, балаларды отбасына қайтару жолында жұмыс істейді.

Өткен аптада Аляскада Ресей басшысы Владимир Путинмен кездескен Трамп, Кремльге АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың жеке хатын жеткізген. Ол құжатта балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріліп, «бейкүнә сәбилерді қорғау» қажеттігі айтылған. Сарапшылар мұны дипломатияның «жұмсақ күш» үлгісі деп бағалады.

Ресми дерек бойынша, Украина Ресейдің 19,5 мыңнан астам баланы депортациялағанын дәлелдей алған. Оның ішінде тек 1 350-і ғана халықаралық делдалдардың көмегімен елге қайтарылды. Алайда Йель университетінің зерттеу орталығы бұл көрсеткіш 35 мыңға жуық болуы мүмкін десе, Мәскеу тіпті «700 мыңға жетуі ықтимал» деп мәлімдеді.

Украина СІМ орынбасары Марьяна Беца Euronews-ке берген сұхбатында:

«Президент Трамп пен бірінші ханым Мелания Трамптың бұл мәселені назарда ұстауы біз үшін өте маңызды. Өйткені балаларды қайтару – кез келген ықтимал бейбіт келісімнің ажырамас бөлігі», – деді.

Зеленскийдің айтуынша, Елена Зеленская да АҚШ-тың бірінші ханымына алғыс білдіріп, оған арнайы хат жолдаған. Ақ үйдегі кездесуде Трамп балалардың тағдырына байланысты бейнелерді көрген сайын жұбайының «терең уайымға түсетінін» айтты.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен де бұл мәселеге қосылды.

«Әрбір бала өз отбасына оралуы тиіс. Бұл біздің басты басымдықтарымыздың бірі болуы керек», – деді ол.

Қазіргі таңда Украина кез келген бейбіт келіссөздің шарттарының бірі ретінде балаларды қайтаруды талап етіп отыр. Киев Мәскеуге 339 баланың аты-жөні жазылған алғашқы тізімді тапсырғанымен, Ресей жағы екі айдан бері нақты жауап берген жоқ.

Бұған қоса, Euronews мәліметінше, Луганск облысында Ресей орнатқан әкімшілік украиналық балаларды онлайн «каталогқа» енгізіп, оларды күштеп асырап алуды насихаттаған. Базада 294 баланың есімі көрсетіліп, жасы, жынысы, көз бен шаш түсіне дейін бөліп орналастырылған.

Айта кетейік, 2023 жылы Халықаралық қылмыстық сот Путинге Украинадан балаларды заңсыз әкеткені үшін қамауға алу жөнінде ордер шығарған. Құжатқа сәйкес, Ресей президенті МУС-ке мүше кез келген 124 елдің аумағына аяқ басса, тұтқындалуы мүмкін.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды