Израиль Қатар ұсынған бітім жоспарын қарастырып жатыр

20.08.2025, 10:51
520
Израиль Қатар ұсынған бітім жоспарын қарастырып жатыр AP

Енді Израиль ХАМАС-тан 50 тұтқынды босатуды талап етуде.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль билігі Қатар мен Мысыр дайындаған уақытша бітім жөніндегі ұсынысты талқылап жатыр. Жергілікті БАҚ мәліметінше, шешім алдағы екі күнде қабылдануы мүмкін. Израиль келісімнің басты шарты ретінде ХАМАС-тың қолында қалған 50 тұтқынды босатуды талап етуде.

Қатар тарапы ХАМАС құжатқа «оң реакция білдіргенін» хабарлады. Елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мәжит әл-Ансари егжей-тегжейін ашпағанымен, ұсыныс АҚШ арнайы өкілі Стив Виткофф дайындаған жоспарға «дерлік ұқсас» екенін айтты. Ол құжат 60 күндік атысты тоқтату, ХАМАС кепіліндегі адамдардың бір бөлігін босату және жүздеген палестиналық тұтқынды айырбастау, сондай-ақ гуманитарлық көмекті жеткізуге рұқсат беруді қамтиды.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кацтың сөзінше, ХАМАС келіссөзге тек Израильдің Газа қаласын бақылауға алу жоспарының қорқынышы әсер еткен.

Бұл уақытта БҰҰ өкілдері жағдайдың ушығып бара жатқанын ескертті. Ұйымның пікірінше, Газаға жеткізіліп жатқан көмектің көлемі жаппай ашаршылықтың алдын алуға жеткіліксіз.

«Газа тұрғындары аштық қаупімен бетпе-бет келіп отыр. Бұл – Израиль үкіметінің гуманитарлық жеткізілімдерді шектеу саясатының салдары», – деді БҰҰ Адам құқықтары басқармасының баспасөз хатшысы Тамин аль-Хитан.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады