840

«Біз Ресейде емеспіз!»: Украинада футболшы орыс тілінде сөйлегені үшін ескерту алды

Төреші оған сары қағаз берді.

«Біз Ресейде емеспіз!»: Украинада футболшы орыс тілінде сөйлегені үшін ескерту алды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина чемпионатының 3-турындағы «Систерс» – «Колос» ойынында ерекше жағдай орын алды. Одессалық клуб ойыншысы Ирина Майбородина матч кезінде орыс тілін қолданғаны үшін сары қағаз алды.

42-минутта төреші Анастасия Романюк футболшының агрессивті түрде орысша айқайлағанын ескертіп, оған ескерту көрсетті.

«Бұл – Украина чемпионаты. Мұнда Ресей тілінде сөйлемейміз! Сары карточка наразылық білдіргені үшін берілді. Ойыншыдан украин тілінде сөйлеуді сұрадым», – деді төреші.

Стадиондағы жанкүйерлер де төрешінің шешімін қолдап, қол шапалақтады. Үш турдан кейін «Систерс» барлық ойында жеңіске жетіп, турнир кестесінің көшбасшылар қатарында тұр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор