Трамп Еуроодақ басшыларын дәлізде күттіргені рас па?

20.08.2025, 14:50
494
Трамп Еуроодақ басшыларын дәлізде күттіргені рас па? Official White House / Daniel Torok

Қолданушылар мұны «Еуропаны қорлау» деп атады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, интернетте Еуропа елдерінің басшылары АҚШ президенті Дональд Трампты Ақ үй дәлізінде басы салбырап күтіп отырғандай көрсетілген сурет тарады. Кейбір қолданушылар мұны «Еуропаны қорлау» деп атап, оларды «вассалдарға» немесе «мектеп директорының кабинетіне кезек күткен оқушыларға» теңеді.

Алайда Euronews дерегінше, бұл сурет жалған. Кадрда жасанды интеллектке тән қателер бар: кейіпкерлердің саусақтары бұрмаланған, ал бір жерде қосымша аяқтар пайда болған.


Сурет: X

Желі қолданушылары фотодағы адамдарды Франция президенті Эммануэль Макрон, Еуррокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен және Италия премьері Джорджия Мелониге ұқсатқан. Бірақ олардың бет-бейнесі мен киімі сәйкес келмейді.

Украинаның Дезинформацияға қарсы орталығы да бұл суретті фейк деп таныды. Орталықтың мәлімдеуінше, мұндай контентті ресейлік аккаунттар таратып, Еуропа лидерлерін масқаралауға және Украинаға қолдау көрсету процесін әлсіретуге тырысуда.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды