408

Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот басталды

Шерзаттың өлімінен соң белгілі болған Хасан Қасымбаев қамауға алынған еді.

Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот басталды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев және оның сыбайластарына қатысты негізгі сот отырысы өтті.

Тергеу дерегінше, бес айыпталушы адам ұрлау, бопсалау және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру сияқты бірнеше ауыр қылмыс жасаған.

Сот отырысында айыпталушылар мен жәбірленушілер БАҚ өкілдерін процеске қатыстырмауды сұрады. Судья тараптардың пікірін ескере отырып, журналистерге сотқа қатысуға рұқсат берді, бірақ айыпталушыларды түсіруге тыйым салды.

Келесі отырыс 22 тамызда сағат 10:00-де өтеді.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қарашасында әлеуметтік желілерде Талғарда Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Ол «Хуторские» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі деп болжануда.

Айта кетсек, 2024 жылдың 4 қазан түні Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат өлтірілген. Жәбірленушінің ата-анасы баланы соққыға жығуға 13 адамның қатысы бар екенін айтқан. Олар «Хуторские» тобының мүшелері болуы мүмкін.

12 қазанға қараған түні Шерзаттың отбасы тұратын үй өртеліп, іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Генпрокуратура бақылау орнатты, ал әкімдік үйді қалпына келтіруге көмек беруге уәде етті.

Материал авторы