Хакерлер Uzbekistan Airways жолаушыларының деректерін сатылымға қойды: арасында қазақстандықтар болуы мүмкін

21.08.2025, 09:46
634
Хакерлер Uzbekistan Airways жолаушыларының деректерін сатылымға қойды: арасында қазақстандықтар болуы мүмкін uzairways.com

Жолаушылардың банк карталары, 40-тан астам ел азаматтарының паспорт көшірмелері және өзге де маңызды құжаттар сатылымға шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Даркнетте Uzbekistan Airways авиакомпаниясына тиесілі болуы мүмкін деректер базасы сатылымға шығарылды.

Хакерлер жариялаған ақпаратқа сәйкес, бұл азаматтық авиация тарихындағы ең ірі деректердің бірі болуы ықтимал. Сатылымға қойылған база көлемі – 300 ГБ. Зиянкестер компанияның Amazon S3 сақтау жүйесіне және Postgres деректер қорына қол жеткізгенін мәлімдеді.

Жарияланған лот сипаттамасында мына деректер бар екені көрсетілген:

шамамен 500 мың жолаушының электрондық поштасы және компания қызметкерлеріне тиесілі 400 хат;

2025 жылдан бері сапарлаған 400 мыңға жуық жолаушының жеке деректері;

билеттер сатып алуға байланысты қаржылық транзакциялар мен банк карталарының фрагменттік мәліметтері;

ішкі хат алмасулар (.msg форматында), 40-тан астам ел азаматтарының паспорт көшірмелері (Ресей, АҚШ, ЕО елдері және т.б.);

жүргізуші куәліктері, некелік және туу туралы куәліктер;

Amadeus, IMAP, Docker, S3 секілді корпоративтік жүйелердің есептік жазбалары.

Хакерлер деректердің шынайылығын дәлелдеу үшін түрлі ел азаматтарының паспорт суреттерін жариялаған. Uzbekistan Airways әзірге жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Карақалпақ диаспорасының Қазақстандағы жетекшісі Ақылбек Мұратбай X әлеуметтік желісінде:
«Утечка включает более 500 тыс. электронных адресов пассажиров, учетные данные систем Amadeus и сотни тысяч записей с финансовой информацией. Это угроза частной жизни и безопасности тысяч людей», – деп жазды.

Айта кетсек, жуырда Қазақстанда ресейлік «Сирена-Тревел» брондау жүйесінен деректердің таралуы талқыланған еді. Сол кезде де қазақстандық жолаушылар зардап шеккен болатын.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады