Ақтөбеде сушиден уланғандар жансақтау бөлімінде жатыр

21.08.2025, 10:47
238
Ақтөбеде сушиден уланғандар жансақтау бөлімінде жатыр Liudmila Chernetska / Getty Images

Уланғандардың барлығы сушиді бір жерден тапсырыс беріп алғаны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде жапон асханасының тағамын жеп, сегіз адам ауруханаға түсті. Олардың екеуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

KTK арнасының дерегінше, уланғандардың барлығы сушиді бір жерден тапсырыс арқылы алған. Алдымен науқастардың қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсу белгілері байқалған. Ақырында жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Уланғандардың арасында екі бала бар.

Дәрігерлер науқастардың жағдайы біртіндеп тұрақталып жатқанын айтады. Ал санитарлық қызмет өкілдері тапсырыс қабылдаған қоғамдық тамақтану орнын тексеріп жатыр. Ол уақытша жабылды.

«Қазір екі бала, төрт ересек ем қабылдап жатыр. Оның ішінде екі ересек жансақтау бөліміне түсті. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, емделіп жатыр. Барлығы да жапон асханасынан суши тапсырыспен алған», – деді Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жансәуле Дәулетова.

Мамандардың айтуынша, ыстық күндері тез бұзылатын тағамдарға, әсіресе сушиге сақ болған жөн.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді