SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Екібастұз тұрғыны inDrive қосымшасы арқылы тапсырыс берген такси сапарында басынан өткен жағымсыз жағдайды әлеуметтік желіде баяндады.
Оның айтуынша, жүргізуші әуелде салонында темекі шегуге рұқсат беріп, қосымша ақы сұраған. Бірақ кейін ол әйелге «төлемнің орнына интим қызмет көрсетуді» ұсынған.
Жолаушы күтпеген ұсыныстан шошып, бұл мәселені компанияның қолдау қызметіне жеткізгенімен, шағымды тірі оператор емес, бот қабылдағанын айтты.
Оқиғаға қатысты inDrive өкілдері пікір білдірді:
«Бұл жағдайға өкініш білдіреміз. Біз тексеріс жүргізіп жатырмыз, деректеріңізді сұрадық және шара қолданамыз. Мұндай әрекетке жол берілмейді, бұзушылық жасаған жүргізуші бірден бұғатталады. Ақпарат бергеніңіз үшін рахмет», – делінген компанияның жауабында.
RUS