SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 16 тамызда Риддер қаласында учаскелік инспектордың қатысуымен жол апаты болды.
Полиция қызметкері бір топ мотоциклшіні тоқтатпақ болып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол сәтте ол мотоцикл жүргізушісімен соқтығысып, бұл оқиға бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде тез тарады.
Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мотоцикл жүргізушілері жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны және маневр жасау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Ал учаскелік инспектор да жол ережесін бұзғаны үшін жазаланып, қызметтік тексеріс басталды.
RUS