Мұнай бағасы арзандағалы «ҚазМұнайГаздың» табысы қысқарды

21.08.2025, 13:50
696
Мұнай бағасы арзандағалы «ҚазМұнайГаздың» табысы қысқарды Sputnik / Владислав Воднев

Кіріс өскенмен, таза табыс төмендеп кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы негізгі қаржылық көрсеткіштерін жариялады. Мұнай өндіру мен өңдеу көлемі артқанына қарамастан, компанияның таза табысы азайған.

Кіріс өсті, бірақ таза табыс төмендеді

Есепке сәйкес, қаңтар-маусым айларында ҚМГ кірісі 4,5 млрд долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 %-ға өсті. Мұнай өнімдерін KMG International арқылы сату негізгі табыс көзі болды. Сондай-ақ «Теңізшевройлдағы» үлестің артуы да кірістің өсуіне әсер еткен.

Алайда таза табыс 2,8 %-ға азайып, 534 млрд теңгеге тең болды.

«Таза табыстың төмендеуіне мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы, амортизация шығындарының өсуі, өзге қаржылық кірістердің азаюы, еншілес ұйымды шығару кезіндегі табыстың төмендеуі және теріс валюта айырмасы себеп болды», – делінген есепте.

Өндіріс көлемі артты

Жартыжылдық қорытындысы бойынша ҚМГ мұнай мен конденсат өндіруді 8,8 %-ға, газ өндіруді 18,3 %-ға, ал Қазақстан мен Румыниядағы зауыттарда мұнай өңдеуді 16,5 %-ға ұлғайтқан. Тек мұнай тасымалдау көлемі 0,3 %-ға азайған.

Сонымен қатар өндірістік шығындар 18,7 %-ға өсіп, 759 млрд теңгеге жетті. Бұл өсім еңбекақы мен электр энергиясына жұмсалатын шығындардың, сондай-ақ KMG International объектілерін жөндеу және қызмет көрсету құнының көтерілуімен байланысты. Алты айда компания 282 млрд теңге салық төлеген.

Дивидендтер артты

Ұлттық компания дивиденд көлемінің айтарлықтай артқанын да хабарлады.

«2025 жылдың алғашқы жартысында бірлескен кәсіпорындар мен еншілес ұйымдардан түскен дивидендтер 53,2 %-ға өсіп, 474 млрд теңгені құрады», – деп мәлімдеді ҚМГ.

Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Brent маркалы мұнай бағасы 14,5 %-ға төмендеген, ал теңгенің орташа бағамы доллармен 14 %-ға әлсіреген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды