Ресейде қазақстандыққа тыңшылық пен диверсия үшін 16 жыл жаза тағайындалды

21.08.2025, 14:18
844
Ресейде қазақстандыққа тыңшылық пен диверсия үшін 16 жыл жаза тағайындалды Санкт-Петербург прокуратурасы

Оған украин арнайы қызметінің тапсырмасын орындады деген айып тағылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Батыс округтік әскери соты 28 жастағы Қазақстан азаматы Артур Мартыновты 16 жыл қатаң режимдегі колонияға қамау туралы үкім шығарды, деп хабарлайды «Медиазона».

Мартыновқа бірнеше бап бойынша айып тағылған: тыңшылық, диверсия жасау, диверсия мен теракт ұйымдастыруға дайындық, терроризмге көмектесу және теракт жасауға әрекеттену.

Айыптау нұсқасы бойынша, ол украин арнайы қызметінің тапсырмасын орындап, ақша үшін Санкт-Петербургтегі мұнай өңдеу зауытының координаттарын жеткізіп отырған және инфрақұрылым нысандарын өртеген.

Тергеу мәліметінше, 2023 жылы Мартынов Санкт-Петербург пен Ленинград облысында байланыс мұнараларын өртеген, тарату қалқанын, электр кабелін зақымдаған және трансформаторлық қосалқы стансаға шабуыл жасауға әрекеттенген. Айыптау негізі ретінде мессенджердегі хаттар мен онлайн «дайындықтан» өткені туралы деректер келтірілген.

Сотталған азамат өз кінәсін мойындамайды. Қазақстанның ресми билігі әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды