«Мұндай сынақты ешкімге бермесін»: Үржарда 6 баланы қағып кеткен жүргізушінің ұлы кешірім сұрады
Көлікте келе жатқанда әкемнің жүрек талмасы ұстап қалған дейді ол.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында болған жол апаты бүкіл елдің назарында. Қазір жарақат алған үш баланың жағдайы өте ауыр.
Облыстық балалар ауруханасында жатқан қызға бірнеше күрделі ота жасалды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрғанын айтады. Ал санавиация арқылы Астанаға жеткізілген екі бала әлі реанимацияда жатыр.
Полиция рөлге ие бола алмай қалған жүргізушіні екі айға қамады. Тергеу жалғасып, іс сотта қаралатын болады. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол апаты кезінде ер адам қасында зайыбымен бірге келе жатқан. Болжам бойынша, оның жүрегі ұстап қалған.
«Информбюро» тілшілері жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлымен тілдесіп, болған жайтқа қатысты пікірін сұрады.
«Көлікте келе жатқанда әкемнің жүрек талмасы ұстап қалған. Сол сәтте рөлді басқара алмай қалған. Жанында анам отырған. Бұл – аяқ астынан болған, өте қайғылы жағдай. Қаза болған балалардың туыстарынан кешірім сұраймын. Бәріне көңіл айттық. Мұндай сынақты ешкімге бермесін», – деді ол.
Материал авторы