4406

Ұлытауда бұрынғы екі басшысы 8 жылға сотталып, олардың орынбасары өзіне қол жұмсаған

Ұлытау облысының білім басқармасында ақша жымқыру ісі анықталған еді.

Ұлытауда бұрынғы екі басшысы 8 жылға сотталып, олардың орынбасары өзіне қол жұмсаған
Білім басқармасы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысы білім басқармасындағы ірі көлемдегі қаржы жымқыру ісі бойынша үкім шығарды. Тергеу кезінде басқарма басшысының орынбасары өз-өзіне қол салған. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Сот дерегінше, басқарманың бұрынғы басшысы Сапура Түлекова, оның орынбасары Гүлнар Оспанова және бас бухгалтер Жансая Бейсембаева 2022–2023 жылдары бюджеттен 93 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған.

Қаражат ұрлау тәсілі қарапайым болған: жалған қызметкерлерге жалақы тағайындалып, сыйақылар өздеріне жазылып отырған. Сонымен қатар іссапар және тұрғын үй шығындары ешқайда бармаған адамдардың атына рәсімделген.

Сотта Түлекова өз кінәсін мойындамады, ал Бейсембаева тек жартылай мойындады. Дегенмен айғақтар жеткілікті болып, екеуі де кінәлі деп танылды. Оларға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім залында олар қамауға алынды.

Ал өз-өзіне қол жұмсаған Оспанованың қорғаушысы оны ақтауды сұрағанымен, сот оның кінәсін мойындап, бірақ жаза тағайындаған жоқ.

Материал авторы