708

Алматылық блогер омырау ісігі дертіне шалдыққанын айтты (ВИДЕО)

Блогер 4 см қатерлі ісік табылғанын айтты.

Алматылық блогер омырау ісігі дертіне шалдыққанын айтты (ВИДЕО)
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал қазақстандық блогер Динара Рахимбаева денсаулығына қатысты жағымсыз жаңалықпен бөлісті. Оның сөзінше, дәрігерлер тексеріс кезінде сол жақ кеудесінен 4 сантиметрлік ісік тапқан.

Динара бұл туралы Instagram парақшасында бейнежазба жариялап, жазылушыларын денсаулыққа бейжай қарамауға шақырды.

«Ең бастысы – тексерілуді ұмытпаңыздар. Мен мамологқа жоспарлы тексеріске бардым. Нәтижесінде – сол жақ кеудемнен 4 см ісік анықталды. Маған алда ем күтіп тұр. Ал сіздерге – дер кезінде тексерілу керек», – деді ол.

Блогер ерте анықтаудың маңызын атап өтіп, оқырмандарын денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндеді.

Динара әлеуметтік желіде «қазақстандық барби» образы арқылы танылған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор