Трамп Зеленский мен Путиннің кездесуін ұйымдастырудан бас тартты

22.08.2025, 10:08
611
Трамп Зеленский мен Путиннің кездесуін ұйымдастырудан бас тартты AP

Путинмен телефон арқылы сөйлескенде Ресей басшысы келіссөзді Мәскеуде өткізуді ұсынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей көшбасшыларының келіссөздерін ұйымдастыруға араласудан бас тартты.

The Guardian жазғандай, Ақ үйдегі дереккөздер Трамп енді Киев пен Мәскеу келіссөздерді өздері ұйымдастыруы тиіс деп санайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – соғысты тоқтатуға жасалатын келесі қадам.

Америкалық президент Зеленский мен Путин жүздескеннен кейін ғана өзінің қатысуымен үшжақты саммит өткізуді жоспарлап отыр. Алайда бұл кездесу өтетіні әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп 18 тамызда Зеленский және ЕО лидерлерімен кездескенде екі тарапты кездестіру бойынша дайындық басталғанын айтқан еді. Ал AFP хабарлауынша, Путинмен телефон арқылы сөйлескенде Ресей басшысы келіссөзді Мәскеуде өткізуді ұсынған. Бірақ Владимир Зеленский бұл ұсыныстан бас тартып, кез келген басқа форматта жүздесуге дайын екенін растады:

«Біз кез келген форматтағы кездесуге дайынбыз. Бұл ниетімді барлық еуропалық көшбасшылар да қолдады», – деген болатын Украина президенті.

Кездесудің өтуі мүмкін орындары ретінде Будапешт, Мәскеу және Женева аталған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды