Қазақстанда зейнетақы төлемдеріне қатысты жаңа ереже бекітілді
Жаңартылған ереже 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Үкіметі 18 тамызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төлемдер жасау ережелеріне өзгерістер енгізді.
Құжатқа сәйкес, енді зейнетақы төлемдерін тағайындау процесі жеңілдетіліп, цифрландыруға басымдық беріледі.
Негізгі өзгерістер:
Проактивті қызмет: Зейнет жасына жеткен, бірақ өтініш бермеген азаматтарға төлем автоматты түрде тағайындалады. Бұл үшін БЖЗҚ мен мемлекеттік корпорация деректермен өзара алмасады.
Өтініш беру тәртібі: Зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш тек электронды форматта қабылданады.
Төлемдер есептеу тәсілі: БЖЗҚ жыл сайын әр қатысушыға төлем сомасын қайта есептейді.
Жерлеу шығынына төлем: Салымшы қайтыс болған жағдайда туыстарына жерлеу рәсіміне бір реттік төлем беріледі (94 АЕК көлемінде, бірақ шоттағы қаражаттан аспайды).
Ұсталымдар: Міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексіндегі ережеге сай ұсталады. Кейбір әлеуметтік төлемдерден жарна алынбайды.
Жаңартылған ереже 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, ал кейбір нормалар 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Материал авторы