Рудный қаласында балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

22.08.2025, 15:35
297
Рудный қаласында балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды

Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен ұйымдастырылған «Run forautism» 2025 қайырымдылық шарасы аясында Рудныйдағы №2 «Алтын күн» балабақшасы мен №1 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, жабдықталды.

Қала күні қарсаңында ашылған әр кабинет жыл сайын білім берудегі ерекше қажеттіліктері бар 10 балаға қолдау көрсете алады. Онда заманауи компьютерік жабдықтар, сенсорлы тынығу аймағы орнатылып, дамытушы ойыншықтар мен жиһаз жеткізілген.

Bolashak Charity қоры биыл Астанада осымен үшінші мәрте «Run for autism» атты жыл сайынғы қайырымдылық шарасын өткізді. Шараға жалпы саны 6 мың 500 адам қатысқан. Соның 300-ден астамы дамуында ерекшелігі бар балалар. Жиналған қаражаттың жалпы сомасы – 42,3 млн теңге. Биылғы шарадан түскені – 21,9  млн теңге.

Осыған дейін түскен қаражатқа Астананың 10 балабақшасында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылған. Ол жыл сайын білім алуда ерекше қажеттілігі бар 100-ден астамбалаға қызмет көрсетеді.

Bolashak Charity қорының инклюзивті білім беру мен дамуында ерекшелігі бар балаларды қолдаумен айналысып келе жатқанына 10 жылдан асты. Қор инклюзия кабинеттері – инклюзивті білім беру моделін әзірлеуші. Осы тәсілмен еліміздің әр тарабындағы балабақшаларда 1 500 кабинет ашылған. Қордың тікелей бастамасымен Қазақстанның 24 қаласындағы мектептер мен колледждерде 75 кабинет жарақталды.

Біз бүгін ERG компаниясының қолдауымен «Run for autism» атты үшінші қайырымдылық жүгірісінен түскен қаражат есебінен 2 жаңа инклюзияны қолдау кабинеттерін ашып жатырмыз. Қалған қаражатқа Астананың балабақшалары мен колледждерінде тағы 6 кабинет жарақтаймыз. Біз шараның бас демеулерінің бірі болған ERG компаниясына алғыс айтамыз. Ауқымды шараны ұйымдастыру мен аймақтардағы сапалы инклюзивті білім беруді қолдағандарыңыз үшін мың алғыс,- деді Bolashak Charityқорының директоры Азамат Божақ.  

Елімізде барлық балаларға бірдей мүмкіндіктер жасалады. Біз инклюзивті жобалар – сауықтыру кешендерінің құрылысы, туған қалаларымыздағы медициналық инфрақұрылымды жаңарту, бочча және басқа да спорт түрлерінен чемпионаттар өткізу сынды жобаларға тұрақты қолдау көрсетіп келеміз. Осылайша, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға нақты үлес қосып келеміз,- деді ERG-дің Қазақстандағы Бас директоры Серік Шахажанов.  

Инклюзия кабинеттерін ашу салтанатына ERG атынан «ССКӨБ» АҚ бас директоры Сергей Кузьменко қатысты.

Денсаулық сақтау саласын қолдау – ERG-дің басым бағыттарының бірі. Компания облыстағы медицина саласы мамандарының біліктілігін арттыру ісін қызу қолдап келеді. Өз кезегінде бұл аймақтағы медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға сеп.

ERG компаниясы еліміздің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға молынан инвестиция құйып келеді. Атап айтқанда: мектептер мен ауруханалар салу, оларды материалдық тұрғыда қамдау, спорт нысандарын салу. Қызметін бастағалы бері ERG-дің кәсіпорындары орналасқан өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының көлемі бүгінде 400 млрд теңгеге жуықтады. Жалпы алғанда ERG кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әкімдіктерімен  95 млрд теңгеден астам қаражатқа әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру туралы меморандумдар жасасқан. 

Ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда аутизм дертіне шалдыққан 15 мыңнан астам бала бар. Олардың 7 мыңнан астамы әлі мектеп жасына жетпеген бүлдіршіндер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әр 100 баланың бірінде аутистикалық спектрдегі ауытқушылықтар болатынын айтады.  Ал, АҚШ-тың аурулардың алдын алу мен бақылау орталығы (CDC) бұл әр 31 баланың бірінде кездеседі деген дерек келтіреді.

Бүгінде Қостанай облысында білім беруде ерекше қажеттіліктері бар 9 мыңнан астам бала бар. Оның 816-сы аутистикалық спектрдегі ауытқушылығы бар әлі 17 жасқа толмаған балалар.

Жамбыл облыстық соты Бектеновтің қатысуынсыз істі қарап жатыр: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 миллион теңгені өзінде қалдыруды талап етуде Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр