SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Lexus көлігін мінген жүргізуші «777» нөмірлі жалған тіркеумен қарсы жолаққа шығып, көлікті тоқтатып, жолаушы түсірген. Сонымен қатар, бейнежазбада жүргізуші де, қасындағы жолаушы да қауіпсіздік белдігін тақпағаны анық көрінеді.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, жүргізушіні тексерген. Нәтижесінде ол бірден бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: жалған нөмірмен жүру, қарсы бағытқа шығу, міндетті сақтандырудың болмауы, қауіпсіздік белдігін тақпау, тыйым салынған жерде артқа жүру және қозғалысты бастар алдында белгі бермеу. Lexus көлігі айыптұраққа қойылды, ал қолдан жасалған «три семёрки» нөмірі тәркіленді.
Полиция әзірге жүргізушімен тек профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлады. Ал желі қолданушылары видеодан депутатты таныды – ол AMANAT партиясынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Қарабатыр» ЖШС директоры Ерғали Аманбаев болып шықты.
RUS