SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2024 жылы компания 100, 200 және 500 Мбит/с жылдамдықтағы тарифтерін 20%-ға дейін өсірген.
Сонымен қатар агенттік сарапшылары балама провайдерлердің тұрғын үйлерге кіруіне кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтады. Бұл нарықтағы бәсекелестікке әсер етеді. Провайдерлер кабельдік жүйелерге қосылу кезінде техникалық шарттар үшін ақы төлеуге мәжбүр, бірақ заңда мұндай төлем қарастырылмаған.
Агенттік бұл кедергілерді жоюға қол жеткізді. Мәселен, радиожиіліктерді бөлуге қатысу үшін міндетті түрде өз желісі болуы тиіс деген талап алынып тасталды. «Байланыс туралы» заңға енгізілген түзетулер виртуалды операторларға ресми түрде жұмыс істеуге және басқа компаниялардың инфрақұрылымын жалға алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ агенттік ұялы байланыс қызметіндегі тарифтердің де жоғары болуы мүмкін екенін атап өтті. Қазір бір операторға қатысты жеке тергеу бастау мәселесі қаралуда.
Бұған дейін Жамбыл облысында «Қазақтелекомның» «Сервис фабрикасы» филиалының басшылары ұсталғаны хабарланған. Тергеу мәліметінше, олар Тараздағы әкімшілік ғимаратты төмен бағамен сатып, мемлекетке 450 миллион теңгеден астам залал келтірген. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда, олардың мүлкі тәркіленді.
RUS