669

Түркістанда жоғалған 11 жастағы қызды іздеуге құтқарушылар қызметі жұмылдырылды

Түркістанда жоғалған 11 жастағы қызды іздеуге құтқарушылар қызметі жұмылдырылды. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Түркістанда жоғалған 11 жастағы қызды іздеуге құтқарушылар қызметі жұмылдырылды
Baq.kz

Бүгінде құтқарушылар Арыс-Түркістан каналында іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су ішінде жүріп, әрбір жыра мен жылғаны қарап шығуда. Сондай-ақ, көпірлердің асты мен су түбінде мұқият тексеруде.

«Түркістан облысының құтқарушылары 5 сынып оқушысын іздестіру жұмыстарына кірісті. Бұл жұмыстарға 40 жеке құрам мен жедел құтқару жасағынан 5 адам, 2 қайық жұмылдырылды»-делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.