SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстандағы Жеңіс шыңында аяғын сындырып, апаттық жағдайда қалған ресейлік альпинист Наталья Наговицына қаза тапқан болуы мүмкін. Бұл туралы Shot Telegram-арнасы жазды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 7 мың метр биіктікте жатқан альпинистен тіршілік белгілері байқалмайды. Ол бір аптадан бері ұйықтайтын қап ішінде көмек күтуде. Алайда қатты аяз бен қолайсыз ауа райы құтқару операциясын қиындатып отыр. Қазір сол маңда температура шамамен -23°C.
Құтқарушылар бірнеше күн бұрын көтерілуге тиіс болғанымен, Жеңіс шыңына жету кемінде 5–6 күнді қажет етеді. Ең жақын лагерь – «Оңтүстік Энильчек» 3,5 шақырым биіктікте орналасқан. Дәл осы жерден бірнеше альпинист құтқарушылардан бөлініп, әйелді іздеуге аттанған.
Наговицинаның шатыр тік рельефті аймақта тұр, бұл эвакуацияны қиындатып отыр. Оның үстіне, бұл жер бірнеше жыл бұрын альпинист Михаил Ишутин қаза тапқан орын, оның денесі әлі күнге дейін алынбаған. Тіпті ауа райы жақсарса да, әйелді лагерьге түсіру үшін мамандарға кемінде екі күн қажет.
«Құтқарушылардың кейбірі жарақат алып, іздеуге қатыса алмай қалды. Ал шыңдағы температура күн сайын төмендеп барады: ертең -26 градусқа дейін суытып, қар жаууы мүмкін. Натальяда қимыл жоқ», – деп жазады Telegram-арна.
Ресми расталған ақпарат әзірге жоқ. Ресей СІМ-і 16 тамызда Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің тікұшағы альпинисті құтқаруға ұшқанын хабарлады. Алайда 4600 метр биіктікте қатты қону салдарынан екі адам жарақаттанған. Кейін тағы бір тікұшақ жіберілді, бірақ ауа райы мен рельефке байланысты тауға қону мүмкін болмай тұр.
RUS