Астанада әлдебіреу пышақтап кеткен мешіт қызметкері ауруханадан шықты

29.03.2023, 20:46
481
Астанада әлдебіреу пышақтап кеткен мешіт қызметкері ауруханадан шықты instagram.com/densaulyk_baskarma_astana

Елордада бірнеше жерден пышақ жарақатын алған мешіт қызметкері ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Пациент жазылып үйіне шықты, өзін жақсы сезінеді. Оның толық қалпына келуіне біраз уақыт керек», - дейді №3 қалалық көпбейінді аурухананың емдеуші дәрігері, хирург Арман Сарқытбай.

Өз кезегінде пациент Мұслухаддин Надыров аурухана басшылығы мен дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.

«Мені ауруханаға 14 жерден пышақ жарақатымен, ес-түссіз алып келді. Дәрігерлер жанымды аман алып қалды. Хирургия бөлімінің жетекшісі Сергей Вервейн мен емдеуші дәрігер Арман Сарқытбайға алғысым шексіз», - дейді жазылып шыққан мешіт қызметкері.

Еске сала кетейік, 15 наурызда Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін біреу пышақтап кетті.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлім еткен еді.

Кейін болған оқиғаға қалалық полиция департаменті және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді.

«14 наурызда жедел жәрдем бригадасы науқасты №3 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Пациент бірнеше жерден пышақ жарақатын алған, жағдайы ауыр. Науқасқа шұғыл ем жүргізілді. Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. Пациентті аман алып қалу мақсатында реанимация және интенсивті терапия бөлімінде ем жалғасып жатыр», - деген хабар алған едік елорданың денсаулық сақтау басқармасынан.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды