751

Ұлытауда жолаушылар пойызы жүк вагонымен соқтығыса жаздады

Машинист 300 метр қалғанда шұғыл тежегішті басқан.

Ұлытауда жолаушылар пойызы жүк вагонымен соқтығыса жаздады
Жанар Каримова / vlast.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 24 тамыз кешке Ұлытау облысында Жезқазғаннан Астанаға бағыт алған жолаушылар пойызы апаттың алдын әрең алды. Оқиға Қызылжар – Түйемойнақ аралығында болған.

ҚТЖ дерегінше, сағат 21:38-де №107 пойыздың машинисті жолда жүк вагоны тұрғанын байқап, 300 метр қалғанда шұғыл тежегішті басқан. Пойыздың жылдамдығы сол сәтте 12 км/сағ болған.

Қатты тежелу салдарынан жолаушылардың кейбірі жеңіл жарақат алғанымен, адам өлімі тіркелген жоқ. Локомотивке және теміржол инфрақұрылымына зақым келмеген.

Пойыз 23:14-те қозғалысын жалғастырған. Қазір оқиғаның себебін арнайы комиссия анықтап жатыр.

Материал авторы