Көкшетауда түнгі жүгірістен кейін әйел адам көз жұмды
Марқұм 35 жаста болған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда өткен түнгі жүгіру шарасынан кейін 35 жастағы қатысушы қайтыс болды.
Ақмола облыстық спорт басқармасының мәліметінше, оқиға 5 шақырымдық қашықтықта болған.
«Жүгіру кезінде әйелдің жағдайы күрт нашарлады. Дәрігерлер жедел алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Алайда ол комадан шыға алмай, таңертең көз жұмды», – делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұм бұрын денсаулығына шағымданбаған және спортпен белсенді айналысқан. Қазір оның өліміне нақты не себеп болғаны анықталып жатыр.
Қосымша деректер әзірге жарияланған жоқ.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші