Маңғыстау – Ақтөбе бағытының жолсеріктері Тоқаевтан көмек сұрады
Компания әлеуметтік жеңілдіктерді қысқартып тастады дейді жолсеріктер.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау – Ақтөбе бағытында жүретін жолаушылар пойызының жолсеріктері еңбек жағдайына қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық видеоүндеу жолдады.
Үндеу пойыз №109 және №110 бағытында қызмет ететін Otpan Logistic компаниясының қызметкерлерінен түскен. Олар өз мәлімдемесінде сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке және облыс әкімі Нұрдәулет Килыбайға да жүгінді.
Жолсеріктердің айтуынша, бастапқыда жасалған келісімшарт қолайлы болған. Алайда кейіннен әлеуметтік жеңілдіктер қысқарып, бірқатар артықшылықтар алынып тасталған. Соның ішінде әлеуметтік пакет, пансионаттар мен тоқсандық төлемдер жойылған.
Қазіргі уақытта Otpan Logistic компаниясы тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.
Материал авторы