Жеңіс шыңында қалып қойған ресейлік альпинисті құтқармақ болған италиялық азамат қаза тапты

25.08.2025, 12:54
481
Жеңіс шыңында қалып қойған ресейлік альпинисті құтқармақ болған италиялық азамат қаза тапты әлеуметтік желіден

Ресейлік альпинист Натальяның күйеуі қаза болғанда да италиялық азамат көмекке келген көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстандағы «Жеңіс» шыңында қайғылы оқиға болды. Ресейлік альпинист Наталья Наговицынаға көмек көрсетпек болған итальяндық альпинист Лука Синигалья қаза тапты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, шетелдік альпинист қатты тоңып, миы ісіну салдарынан көз жұмған.

«РенТВ» таратқан ақпарат бойынша, Лука Синигалья Наталья және тағы екі альпинистпен бірге «Жеңіс» шыңын бағындыруға шыққан топ құрамында болған. Айта кетейік, төрт жыл бұрын Натальяның күйеуі Сергей Хан-Тәңір шыңында инсульттан қаза тапқанда да дәл осы Лука альпинистке көмек көрсетіп, оны базаға жеткізген. Сол кезден бері олар байланысын үзбеген.

12 тамызда Наговицына аяғын сындырып алған соң, Лука неміс альпинисті Гюнтер Зигмундпен бірге оған азық-түлік жеткізуге бет алған. Алайда жолда итальяндық бір қолғапсыз қалып, қолы үсіп, жағдайы күрт нашарлаған. Жолдастары оны 6900 метр биіктікте қар үңгіріне орналастырғанымен, бірнеше күннен кейін ми ісінуі асқынып, альпинист есінен танып, ақыры қайтыс болған.

Марқұмның әпкесі Патриция Синигалья:

«Луканың ұстанымы әрқашан бір болды – жолдасын қиындықта тастамау. Оның бұл батылдығы құрметке лайық, бірақ өкінішке қарай, ол бізге қайта оралмайды», – деді.

Луканың денесі қар құрсауында қалды. Қар көшкіні оның жатқан үңгірін басып қалған. Ал сәл жоғарыда, 7140 метр биіктікте Наговицына да қақаған суықта қалып қойды. Дрон соңғы рет оның әлсіз қимылын 19 тамызда тіркеген. Кейін байланыс үзілген.

Құтқару операциясы аяқталды. «Жеңіс» шыңында іздестіру жұмыстары тек 2026 жылдың көктемінде жалғасуы мүмкін. Бұл жағдай аймақтағы альпинизм тарихындағы ең ауыр оқиғалардың бірі болып саналады – екі адам қаза тауып, денелері тауда қалды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады