421

Астанада жолаушылар мінген автобус аударылып қалды (ВИДЕО)

Абырой болғанда қаза болғандар жоқ.

Астанада жолаушылар мінген автобус аударылып қалды (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Астанада автобус ойыққа түсіп кеткен сәт түсірілген видео тарады.

Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes маркалы қызметтік автобус Кабанбай батыр даңғылында бұрылу кезінде жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен.

«Салонда болған жолаушылар медициналық мекемеге жеткізілді. Жарақат алғандар бар, бірақ қаза тапқандар жоқ», – деді ведомство өкілдері.

Қазір оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, апат салдарынан 14 адам түрлі жарақатпен көпсалалы қалалық стационарларға және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген.

«Дәрігерлер барлығын қабылдау бөлімінде тексерді. Кейбірі амбулаториялық емдеуге жіберілсе, қалғандары қосымша тексеруден өтуде. Негізінен жеңіл жарақаттар», – деп хабарлады басқарма.

Материал авторы