Атырауда «Абырой Авто» компаниясы 120 адамды алдап кеткен

25.08.2025, 15:25
642
Атырауда «Абырой Авто» компаниясы 120 адамды алдап кеткен бейнежазбадан

Көліктерді сатып, иелеріне ақшасын бермей қойған алаяқтар полиция қолына түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда автосалон атын жамылған алаяқтық ісі әшкере болды. «Абырой Авто» компаниясына көліктерін сеніп тапсырған жүзден аса адам ақшасыз, ал көліктері басқа адамдардың қолында қалғанын айтып дабыл қағуда.

Компания клиенттерге көлікті «сатуға қабылдап», ақшаны 10 күн ішінде толық төлеуге уәде берген. Алайда уәде орындалмаған: көліктер автосалон атына рәсімделіп, жылдам сатылып кеткен. Иелері не ақшасын, не көлігін қайтара алмай отыр.

«Айтқанына сеніп едім. 10 күнде ақша аласыз деді. Екі ай өтті – көлік басқа қалада, ал маған әлі де “күтіңіз” дейді», – дейді зардап шеккендердің бірі.

Алдын ала мәлімет бойынша, 120-дан астам адам алданған. Көпшілігі несиемен алған жалғыз көлігінен айырылған.

Полиция «Абырой Авто» иелерін қамауға алғанын және «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын растады. Тергеу барысында келтірілген шығын көлемі мен басқа да күдіктілер анықталып жатыр.

Бұл істің салдары басқа өңірлерге де жетті. Астанада осы компаниядан сатып алынған Toyota Prado тәркіленген. Жаңа қожайындар ресми құжаттарын көрсеткенімен, көлік айғақ ретінде алыныпты.

«Патруль үйге келіп, еш түсіндірместен көлікті алып кетті. Ешбір құжат көрсеткен жоқ», – дейді куәгер.

Полиция бұл әрекетті Атыраудағы тергеушінің нұсқауымен жасағандарын мәлімдеді.

Зардап шеккендер кінәлілердің әділ жазалануын және шығынды қайтаруды талап етуде.

«Бұл салон ашық жұмыс істеді, кеңсесі бар, бәрі заңды сияқты көрінді. Ешкім осындай қулыққа барады деп ойламады», – дейді тұрғындар.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды