Шерзат Полаттың отбасы үйлі болмақ
Мейіржан Шекеев мәлімдеме жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының әкімдігі Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салып беруге уәде етті. Бұл туралы отбасының адвокаты Мейіржан Шекеев мәлімдеді.
«Әкімдік құрылыс жұмыстарын толық бақылауға алып, барлық құжаттарды рәсімдеп, істі соңына дейін жеткізеді», – деді адвокат.
Оның айтуынша, үйде әлі де көптеген қажетті заттар жоқ – газ плитасы, перделер және тағы басқалар. Сондықтан отбасы қоғам тарапынан көрсетілетін көмектен бас тартпайтынын айтты.
Жоспар бойынша, жаңа үй 2025 жылдың қазан айына дейін дайын болады.
Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қазанында Талғар ауданына қарасты Азат ауылында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан көз жұмған еді. Тағы екі адам ауыр жарақат алған. Оқиға «Қамажай» дүкенінде болған жанжалдан кейін орын алған.
Материал авторы