Ақтаудан Грузияға ұшып кеткен 20 жастағы жігіт хабар-ошарсыз жоғалды: іздеу жұмыстары басталды
Тбилисиге ұшып келген жігіт жоғалып кетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысында тағы бір жұмбақ жағдай тіркелді. 20 жастағы Данияр Жақсылық есімді жас жігіт Ақтаудан Грузияға ұшып кеткеннен кейін із-түзсіз жоғалып кетті.
«Lider.kz» еріктілер тобының мәліметінше, Даниярмен соңғы рет 18 тамыз күні байланыс болған. Ол сол түні Ақтау әуежайынан Тбилисиге бағыт алған түнгі рейспен ұшып кеткен. Шекарадан өткені расталды, алайда содан бері еш хабар жоқ.
Жігіттің ерекше белгілері: бойы – 175 см, дене бітімі орташа.
Туыстары дабыл қағып отыр. Олар әлеуметтік желілерде посттар жариялап, қоғамнан көмек сұрауда. «Баламыздың амандығын білгіміз келеді. Кімде-кім оны көрсе немесе қандай да бір ақпарат білсе, бізге хабарласыңыздар» – дейді олар.
Кез келген дерек маңызды. Ақпарат білетіндер төмендегі нөмірлерге хабарласа алады:
+7 (700) 499-72-92 немесе 102
Айта кетейік, соңғы кезде қазақстандықтардың шетелге кетіп, байланысқа шықпай қалу жағдайлары жиілегені жайлы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік мұндай оқиғаларға алаңдаулы.
Материал авторы