SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 25 тамыз күні сағат 22:06 шамасында Алматы әуежайының «Т-1» терминалында төтенше оқиға болды. Ер адам билет кассасының жанында өзіне от қоймақ болды.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, әуежайдың қауіпсіздік қызметі мен полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп, жалынды сөндірген. Кейін ер адамға жедел жәрдем шақырылып, ол қалалық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл – биыл әуежайда тіркелген алғашқы төтенше жағдай емес. 7 наурызда 67 жастағы Машрапбек Баратов тексеру қызметкерін кепілге алған болатын. Сот оны орташа қауіпсіздік мекемесінде 11 жылға бас бостандығынан айырған еді.
RUS