575

Алматы әуежайында өзін өртемек болған ер адамның жағдайы белгілі болды

Ер адам касса жанында өзін өртеп жіберген.

Алматы әуежайында өзін өртемек болған ер адамның жағдайы белгілі болды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы халықаралық әуежайында өзін өртемек болған ер адамның қазіргі хәлі туралы ақпарат жарияланды. Бұл мәліметті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратты.

Олардың айтуынша, ер адам жедел жәрдеммен № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

«Науқастың жағдайы өте ауыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сай толық көлемде ем қабылдап жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін әуежайдың «Т-1» терминалында ер адамның касса жанында өзін өртемек болғаны хабарланған еді. Полицейлер мен әуежай қызметкерлері дер кезінде әрекет етіп, өртті сөндірді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Материал авторы