Жетісуда бұрынғы педагог әйел 8 жасар қызды соққыға жықты деген күдікке ілінді
Полиция мұғалімді ұстап әкеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысының Кербұлақ ауданында бұрын білім саласында жұмыс істеген әйел кәмелетке толмаған қызды соққыға жықты деген күдікпен ұсталды.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сүйенсек, күдікті — бұрынғы педагог. Оқиға 8 жасар қызға қатысты болған.
Облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады», — делінген ведомство хабарламасында.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші