SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көркем гимнастика бапкері Меруерт Балғынбаева мен композитор Бауыржан Ақтай арасында авторлық құқыққа байланысты дау туындады.
Рио-де-Жанейрода өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар Sarmad этно-тобының әуенімен өнер көрсеткен. Бірақ туынды авторы Бауыржан Ақтай бұл әуенді рұқсатсыз пайдаланғанын айтып, әлеуметтік желіде наразылық білдірді.
«Мен осы музыканың авторымын. Бұл шығарманы би немесе гимнастика үшін жазған жоқпын. Рұқсатсыз қолдандыңыздар», – деп жазды ол.
Балғынбаева болса, туындыны қазақ өнерін таныту мақсатында таңдағанын және өзгерістер енгізетінін жеткізді.
«22 жылда мұндай жағдай алғаш рет болды. Енді басқа орындаушылардың туындыларын пайдаланамын», – деді жаттықтырушы.
Ақтай авторлық құқықты сақтау маңызды екенін және кез келген қойылымда музыка қолданбас бұрын міндетті түрде келісім алу керегін еске салды.
«Маған атақ та, пайда да керек емес. Тек мәдениетті қарым-қатынас пен заң талаптарының орындалғанын қалаймын», – деді композитор.
RUS