«Бір айдан аз уақыт қалды!» – Бектенов әкімдерді қатаң сынға алды

26.08.2025, 15:25
617
«Бір айдан аз уақыт қалды!» – Бектенов әкімдерді қатаң сынға алды @KZgovernment

Тәртіптің жоқтығынан туындаған жағдай дейді Бектенов.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жылыту маусымына дейін бір айдан аз уақыт қалды. Алайда бірнеше облыста жылу нысандарын жөндеу мерзімінде аяқталмай қалу қаупі бар. Осыған байланысты Үкімет басшысы Олжас Бектенов әкімдердің әлсіз жоспарлауын және бақылаудың жоқтығын қатаң сынға алды.

Премьердің айтуынша, Степногорскіде әлі күнге дейін қосалқы қазандық жөнделмеген, Маңғыстауда екі турбинаны жөндеу мерзімі кейінге шегерілген, ал Ақтауда жылу желілерін қайта құру қарқыны төмен. Мұндай мәселелер көптеген өңірде бар.

«Бұл – үйлестірудің әлсіздігінен және орындаушылық тәртіптің жоқтығынан туындаған жағдай. Жөндеу жұмыстарын созуға әлі де рұқсат беріліп жатыр, бұл тыйым салынғанына қарамастан», – деді Бектенов.

Үкімет басшысы мынадай тапсырмалар жүктеді: 1 қыркүйекке дейін отын жеткізу кестесін бекітіп, өңірлерге көмір мен ауыр отынды жеткізуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар, осы күнге дейін мектептерді жылыту маусымына дайындап бітіру, ал 15 қазанға дейін коммуналдық және медицина нысандарын толық әзірлеу қажет.

Сондай-ақ, Бектенов жылу электр орталықтарының дайындық құжаттарынсыз жұмыс істеуіне жол берілмейтінін, талап орындалмаса жауаптылар жазаланатынын ескертті.

«Арнайы бақылауда – Риддер, Кентау, Екібастұз және Ақтау. Жылыту маусымы уақытылы басталуы тиіс. Өңірлік штабтар күнделікті жұмыс істеуі қажет», – деп түйіндеді Премьер.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді