Белгілі блогер Жанабылов жариялаған 10 автокөлік ұтысы елді екіге бөлді

26.08.2025, 16:23
335
Белгілі блогер Жанабылов жариялаған 10 автокөлік ұтысы елді екіге бөлді жеке парақшасынан

30 мың теңгеге курс алғандар көлік ұтып алатынын айтты блогер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандықтар танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова ұйымдастырған байқау жайлы қызу пікір білдіріп жатыр. Олардың жариялаған шарттары әлеуметтік желіде дау тудырды.

Апта бұрын блогерлер Instagram парақшасында «10 автокөлік сыйлаймыз, 10 отбасыны қуантып, армандарды орындаймыз!» деп жариялаған еді. Постта «репост жасағандар арасынан бір адам Subaru жеңіп алады» деген сөздер де болды. Көпшілік ұтысқа қатысу үшін репост жеткілікті деп ойлаған.

Алайда кейінірек Ерболат Жанабылов арнайы сілтеме жариялап, онда автокөліктерді ойнату тек оқыту курсын сатып алғандар арасында өтетіні айтылған. Курстың құны – 30 мың теңге. Тақырыбы – Қытаймен сауда жасауды үйрету.

Бұл жағдай желі қолданушыларының наразылығын күшейтті. Көптеген пікірлерде:

«Адамдар әлі де мұндайға сенеді екен», «Қанша рет қатыстым, бірде-бір рет ұтпадым. Тіпті эфирдің видеосын да сақтамайды», «Бұларды қашан жауапқа тартады екен?», «Алаяқтық қой. Халықты алдаудың жаңа тәсілі» деген жазбалар қалдырылды.

Бір қолданушы:

«Өздеріңіз бизнесмен емессіздер, қалайша бизнеске үйретесіздер?» деп сұрақ қойған.

Дегенмен, жағымды пікірлер де бар. Кейбір жазылушылар жүрекшелер қойып, ұтысты асыға күтіп отырғанын жазған.

Осы оқиғаға байланысты Мәдениет және спорт министрлігі түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, Ерболат Жанабыловқа түсініктеме беру туралы хабарлама жіберілген. Егер жауап болмаса, әкімшілік іс қозғалады.

Қолданыстағы заң бойынша, лотереяны тек лицензиясы бар оператор ғана өткізе алады. Бұны бұзу – жеке тұлғаларға 100 АЕК (шамамен 393 мың теңге) көлемінде айыппұл салуға негіз.

Айта кетейік, бұған дейін Ерболат Жанабылов бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өткен жылы ол қалада көліктің орнына бассейн орнатып жүргені үшін айыппұл төлеген. Бұған қоса, карантин кезіндегі коменданттық сағатты бұзғаны белгілі.

Биыл көктемде блогер жұбайына ерекше ұсыныс жасап, он жылдық некесін гүл шоуларымен атап өткен сәт те елдің назарында болған еді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды