SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысы Семей қаласында ер адам жаңа көпірдің бағанасына шығып, секіруге бел буған. Алайда ол келіссөз кезінде құтқарушылардан темекі мен суши сұраған.
Оқиға 21 тамыз күні кешке болған. Жерге түспек түгілі, ол бағанада біраз уақыт отырған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, жедел жәрдем және қала әкімдігінің өкілдері жедел жеткен. Ер адаммен тіл табысу үшін психолог пен құтқарушы бағанаға көтерілген.
Құтқарушылар қауіпсіздік үшін Ертіс өзеніне қайық қойып, дрон арқылы әуе бақылауын жүргізген.
Келіссөздерді жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы Ринат Бабажанов жүргізген. Бірақ жағдай күтпегендей өрбіді: ер адам тамақ сұрады.
«Ол расында суши мен темекі әкелуді өтінді. Байланыс орнату үшін бұл өтініш орындалды. Ең бастысы – оның өмірін сақтап қалдық. Кейін ол полиция мен дәрігерлерге тапсырылды», – деді құтқарушылар.
RUS