SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржы министрлігі екінші деңгейлі банктерді салық органдарына белгілі бір мәліметтерді беруге міндеттейтін жаңа бұйрық жобасын әзірледі. Бұл құжат жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау жүйесін бақылауды күшейтуге бағытталған.
Жобаға сәйкес банктер салық органдарына мына мәліметтерді жолдауы тиіс:
жеке тұлғалардың шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері;
шоттардағы қаражаттың қалдығы мен қозғалысы туралы ақпарат;
азаматтарға берілген несиелер жайлы мәлімет;
жыл ішінде құны 20 мың АЕК-тен асатын мүлік сатып алған жеке тұлғалардың есепшотындағы ақша қозғалысы.
Министрлік бұл шара кірістер мен мүлікті бақылауды жеңілдетіп, көлеңкелі экономиканы азайтуға мүмкіндік береді деп отыр. Сондай-ақ, бюджетке түсетін салық көлемін арттыруға ықпал етеді.
Бұйрық жобасы 9 қыркүйекке дейін ашық талқылауға ұсынылған.
RUS